Бүгінгі білім ордалары тек білім берумен ғана емес, жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңірумен де ерекшеленуі тиіс. Осындай мақсатты ұстанған Принтмедиа технологиялар колледжінде 7-24 орыс тобына арналған ерекше ашық сабақ өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі маманы Молдаханова Гулназира Жунсханқызы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Соқпақбаевтың «Он алты жасар чемпион» әңгімесінен үзінді талдау арқылы жасөспірімдердің жүрегіне рух, санаға серпіліс сыйлады.