Принтмедиа технологиялар колледжі директоры

техника ғылымдарының кандидаты

Ахметов Билалдин Алякбарович

Принтмедиа технологиялар колледжі директоры

техника ғылымдарының кандидаты

Ахметов Билалдин Алякбарович

Заголовок 1

Білім беру мен кәсіптік бағдар берудегі маңызды қадам

№58 жалпы білім беретін мектепте «Баспа ісі» бейіндік сынып ашылды
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы қаласындағы №58 жалпы білім беретін мектеп пен Принтмедиа технологиялар колледжі арасындағы өзара ынтымақтастық нәтижесінде жаңа бейіндік сынып жұмысын бастады. Бұл бастама мектеп оқушыларына болашақ кәсіби бағыттарын ерте анықтауға және нақты мамандық бойынша білім алуға мүмкіндік береді.
Аталған бейіндік сынып «Баспа ісі» мамандығы бойынша құрылып, оқушыларға полиграфия саласының қыр-сырын меңгеруге жағдай жасалуда. Апта сайын, дүйсенбі күндері, Принтмедиа технологиялар колледжінің өндірістік оқыту шеберлері Дүйсембай Н.С., Оспанова А.Е. мектепке арнайы келіп, 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдарлы сабақтар өткізуде. Сабақтар практикалық және теориялық бөлімдерден тұрып, оқушылардың шығармашылық және техникалық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бұл бастама қазіргі заманғы еңбек нарығына сай білікті мамандарды дайындауға алғашқы қадамдардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, оқушылар мектеп қабырғасынан бастап кәсіби біліммен танысып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдау мүмкіндігіне ие болмақ.