Принтмедиа технологиялар колледжінің бітіруші топ студенттері өндірістік мекемелер базасында ДЕМО емтихан тапсырып, өздерінің кәсіби біліктіліктерін сәтті қорғап шықты!
⠀
🛠 Бұл емтихан – тек оқу жетістігін емес, сонымен қатар студенттердің өндірістік ортада жұмыс істеуге дайын екенін көрсететін маңызды кезең.
⠀
✨ Студенттеріміз баспа ісі, полиграфия, дизайн және басқа да бағыттар бойынша алған білімдерін нақты өндірістік жағдайда қолдана білді.
⠀
Кәсіпорын өкілдері тарапынан студенттердің кәсіби дайындығына оң баға беріліп, бірқатары жұмыс ұсыныстарын да алды.
⠀
Біз бұл жетістікпен шектелмейміз! Алда әлі де үлкен мақсаттар мен мүмкіндіктер бар!
⠀
Принтмедиа технологиялар колледжі – сапалы білім мен нақты тәжірибенің үйлесімі!