Қазақстан Республикасы колледж студенттері арасында «Кітаптар мен журналдарға арналған арт-контент жасау» тақырыбында кәсіби шеберлік байқауы.
✨Конкурс студенттердің медиаиндустрия саласындағы бизнес-ортамен өзара тәжірибе алмасу алаңы болып табылады.
2025 жылдың 26 наурызында “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында Принтмедиа технологиялар колледжінің оқу-әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы Білім басқармасының медиажоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы колледж студенттері арасында «Кітаптар мен журналдарға арналған арт-контент жасау» тақырыбында кәсіби шеберлік байқауының ашылу салтанаты өтті.
📌Іс-шара барысында Ақтөбе автожол колледжі, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Қарағанды кәсіби-техникалық колледжі және Талдықорған жоғары политехникалық колледжімен серіктестік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойылды.
2025 жылғы 26-27 наурызында – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында “Принтмедиа технологиялар колледжі” КМҚК оқу-әдістемелік бірлестігі «Sector X» Қоғамдық радиосы, «Community Media Hub» ҚБ қолдауымен, Әуезов аудандық «Алматы – Адалдық алаңы» фронт-офисі, «Парасатты ұрпақ үшін» республикалық қоғамдық қорымен бірлесіп колледж студенттері арасында кәсіби шеберлік байқауын ұйымдастырады.
Іс – шараның негізгі мақсаты-Баспа профилі мамандықтарының беделін арттыру: графикалық дизайнерлер, копирайтерлер және баспаға дейінгі процестердің операторлары. Байқау аясында қатысушылар шығармашылық, идеяның өзіндік ерекшелігін, композициялық және түсті шешімін, техникалық орындалуы мен көркемдік мәнерлілігін көрсетеді.
Іс-шараға Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Талдықорған, Жамбыл қалаларының мемлекеттік колледждерінің басшылары, сондай-ақ баспалардың директорлары, Баспагерлер Қауымдастығының, Қазақстанның полиграфистері мен кітап таратушыларының, принтмедиа индустриясы саласында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылды.
Қазақстан Республикасы колледж студенттері арасындағы «Кітаптар мен журналдарға арналған арт-контентті жасау» тақырыбындағы кәсіби шеберлік байқауының 2-ші күні.
2025 жылғы 27 наурызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы колледждерінің студенттері арасында «кітаптар мен журналдар үшін арт-контент жасау»кәсіби шеберлік байқауы аяқталды.
📌Жеңімпаздар:
🥇 1-орын, ақшалай сыйлық 40 000 тг, Юсупов Анвар Сабитович
🥈2-орын, ақшалай сыйлық 30 000 тг, Халитова Инара Халитовна.
🥈2-орын, ақшалай сыйлық 30 000 тг, Шакен Зере Қайратқызы.
🥉3-орын, ақшалай сыйлық 20 000 тг, Есютина Александра Денисовна
🥉3-орын, ақшалай сыйлық 20 000 тг, Дербисалова Аружан Бақытжановна
🥉3-орын, ақшалай сыйлық 20 000 тг, Төлешов Азат Қонысбайұлы