2025 жылғы 30 қыркүйекте «Отбасылық басқосу» Workshop өтті.
Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары жоспарына сәйкес өткізіледі. Мақсаты – білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ата-аналарды білім беру үдерісіне тарту, «кітап түптеуші» мамандығын насихаттау.
Іс-шараның мақсаты
Ата-аналар мен балалар арасында сенімге, бірлескен шығармашылыққа және жағымды қарым-қатынасқа негізделген орта қалыптастыру, сондай-ақ отбасылық фотоальбом жасауға бағытталған бірлескен жобалық жұмысқа қатыстыру.
Workshop бағдарламасы
Қатысушылар ерекше отбасылық фотоальбом жасауға арналған шеберлік сабағына қатысады. Әр отбасы өз ерекшелігін көрсете алады. Жұмыс барысында білім алушылар мен ата-аналар бірлесе әрекет етуге, рөлдерді бөлуге және шығармашылық тұрғыдан ойлануға үйренеді.
Ұйымдастырушылар Ө/о шеберлері:
Күлбекова А.С.
Туракова М.Ф.
Көптлеу А.А