Принтмедиа технологиялар колледжі директоры

техника ғылымдарының кандидаты

Ахметов Билалдин Алякбарович

Принтмедиа технологиялар колледжі директоры

техника ғылымдарының кандидаты

Ахметов Билалдин Алякбарович

Заголовок 1

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңалықтар мұрағаты

Оқу-әдістемелік материалдар негізінде тәжірибені трансляциялау, педагогтердің педагогикалық тәжірибесін тарату

Педагогикалық тәжірибені трансляциялау тиімді білім беру тәжірибелерін таратуға, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, оқытудың сабақтастығы мен сапасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ зерттеу, әдістемелік және практикалық қызмет нәтижелерін көрсету арқылы аттестация талаптарын орындауға бағытталған. 

26.11.2025

«Операторлық өнер» мамандығы бойынша дөңгелек үстел

 Іс-шараның мақсаты: «Операторлық өнер» мамандығы бойынша кәсіби стандартты әзірлеуге арналған тәсілдерді талқылау, қазіргі заманғы маманға қажетті негізгі құзыреттерді айқындау және жұмыс берушілер, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеу. 

22.10.2025

Қалалық «Оқырмандар тергеу жүргізеді» атты детективтік-әдеби квест өтті

Квест Алматы қаласының колледж студенттерін біріктіріп, оларға әдебиет саласындағы білімдерін, тапқырлықтарын және командалық рухтарын көрсетуге мүмкіндік берді. Ойын барысында қатысушылар тергеу, жұмбақтар мен шығармашылық сынақтар әлеміне еніп, белгілі әдеби кейіпкерлерге байланысты «құпия қылмысты» ашуға тырысты.

23.10.2025

«Ән-ғұмыр» атты АРТ-студия: элегия кешін өтті

«Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» №4 кітапхана-бөлімшесі Принтмедиа технологиялар колледжінде қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Қазақ КСР халық әртісі , КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы, көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жылдығына арналған «Ән-ғұмыр» атты АРТ-студия: элегия кешін өткізді.

09.10.2025

 “Заң мен тәртіп” жобасы

Алмалы ауданы Ювеналды полиция басқармасымен бірлескен жоспар бойынша  полиция капитаны Тұратай Ә. Б. 1 курс студенттерімен профилактикалық кездесу өтті. Студенттер үшін бұл кездесу – құқықтық сауаттылықты арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсінуге тамаша мүмкіндік болды. Капитан нақты мысалдар келтіре отырып, жастарға пайдалы кеңестер мен маңызды ақпараттар ұсынды.

07.10.2025

Мектепте «Баспа ісі» бейіндік сынып ашылды

2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы қаласындағы №58 жалпы білім беретін мектеп пен Принтмедиа технологиялар колледжі арасындағы өзара ынтымақтастық нәтижесінде жаңа бейіндік сынып жұмысын бастады. Бұл бастама мектеп оқушыларына болашақ кәсіби бағыттарын ерте анықтауға және нақты мамандық бойынша білім алуға мүмкіндік береді.

06.10.2025

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында – жұмыс беруші серіктестерімізбен 1 күн! 

Бүгінгі күн кәсіби тәжірибе мен ынтымақтастыққа толы болды!
Жұмысшы мамандықтардың маңызын бірге ұғындық, өндірістік ортада шынайы тәжірибемен таныстық.

02.10.2025

«Алғыс лентасы» атты Елдік челлендж

Осы кезеңде біз техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің дамуына үлес қосып жүрген барлық педагог қызметкерлер мен мамандарды құттықтап, шынайы алғысымызды білдіреміз

02.10.2025

Қарттар күні

Принтмедиа технологиялар колледжінің 8-25 тобының білім алушылары колледждің бұрынғы директоры, ардагер ұстазымыз, профессор, полиграфиялық кітаптардың авторы Базилов Жұмаділдә Жұпарбайұлын арнайы құттықтап барды.

01.10.2025

«Отбасылық басқосу» Workshop өтті.

Іс-шараның мақсаты ата-аналар мен балалар арасында сенімге, бірлескен шығармашылыққа және жағымды қарым-қатынасқа негізделген орта қалыптастыру, сондай-ақ отбасылық фотоальбом жасауға бағытталған бірлескен жобалық жұмысқа қатыстыру.

30.09.2025

«Мамандыққа бойлау» жобасы атты ашық есік күні

Ашық есік күнінің басты мақсаты – 9–11 сынып оқушыларын колледждің білім беру бағдарламаларымен, заманауи оқу жағдайларымен таныстыру, сондай-ақ полиграфия және медиа-технологиялар саласының болашақ мансаптық әлеуетін көрсету.

26.09.2025

 «Оқыту-білім беру процесінде жасанды интеллект технологияларын енгізу» тақырыбында қалалық бенчмаркинг өтті.

Іс-шараның мақсаты – білім беру процесінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданудың үздік педагогикалық тәжірибелерін анықтау, тарату және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру.

26.09.2025

«Қытай Халық Республикасынан Шаньдун индустриалды политехникалық институты»

Бұл оқиға екі білім беру мекемесі арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен достық байланыстарды нығайтудың маңызды кезеңі болды.
Кездесуді ұйымдастыруда Қазақстандағы білім беру саласын дамыту бойынша перспективалық бахыттарды қамтамасыз этиді миссиясы етіп алған «SANA» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы маңызды рөл атқарды.

23.09.2025

«JasSkills Kazakhstan – 2025»

Бүгін біздің колледжде “Графикалық дизайн” құзыреттілігі бойынша JasSkills Kazakhstan 2025 республикалық чемпионаты бастау алды! 🇰🇿✨

19.09.2025

«ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ПЕДАГОГІ: ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ДИЗАЙН, МЕДИА ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ»

Іс-шараның мақсаты – ТжКБ-ны интернационалдандыруды, цифрлық және креативті құзыреттерді дамыту, сондай-ақ уақыт талабына сай заманауи білім беру тәжірибесін интеграциялау. Интенсивтің өзектілігі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жыл 8 қыркүйектегі Жолдауында ерекше атап өтілді

15.09.2025

ХАБАРЛАМА

Алматы қаласы Білім басқармасының "Принтмедиа технологиялар колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 2025-2026 оқу жылына педагогтар құрамының бос/уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды:

21.08.2025