9 қазан күні «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» №4 кітапхана-бөлімшесі Принтмедиа технологиялар колледжінде қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Қазақ КСР халық әртісі , КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы, көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жылдығына арналған «Ән-ғұмыр» атты АРТ-студия: элегия кешін өткізді. «Саз әлемінің саңлағы – Нұрғиса Тілендиев» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Экраннан Н.Тілендиевтің өмірінен деректі фильм көрсетілді.