«Almaty Creativity Step 2026

2026 жылғы 28 сәуірде Алматы қаласы Алмалы ауданының Жастар комьюнити-орталығында «Almaty Creativity Step 2026» форумы өтті. Аталған іс-шара креативті индустрия, білім беру, бизнес және жастар бастамаларының өкілдерін біріктірді.

Форум аясында әлеуметтік креативті стартаптардың презентациялары байқауы ұйымдастырылып, оның мақсаты – инновациялық идеяларды қолдау және жастардың кәсіпкерлік әлеуетін дамыту болды. Байқауға қатысу авторлық әлеуметтік жобаларды таныстыруға, кәсіби байланыстар орнатуға және оларды одан әрі дамыту бойынша сараптамалық ұсынымдар алуға мүмкіндік берді.

Қатысушылардың жұмыстары, соның ішінде жетекші жоғары оқу орындары мен колледждердің жобалары, өзекті әлеуметтік және білім беру мәселелерін, атап айтқанда инклюзивті ортаны дамыту мен креативті шешімдерді енгізуді көрсетті. Жобаларды Руслан Идрисов, Асхат Кабашев және Вакша Кадыриевтен құралған қазылар алқасы бағалады. Байқау қорытындысы бойынша принтмедиа технологиялар колледжінің студенті Жолдыбай Ақерке 3-орынға ие болды.

«Almaty Creativity Step 2026» форумы креативті индустрияларды дамытудың әлеуметтік-экономикалық өсудің негізгі факторларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, жастарды инновациялық және кәсіпкерлік қызметке тартудың маңыздылығын атап өтті.