25.02.2026 ж. колледждің құзіреттілік орталығында өндірістік оқыту шеберлері Ноғайбек Ұ.С., Сатыбалдиева А. Ғ., Кокарева В.А. ұйымдастыруымен қалалық деңгейде «Epoxy Art: эпоксидті смола негізінде 3D полиграфиялық наклейка жасау» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.
🔹 Іс-шараның мақсаты – Шанхай қаласында өткен халықаралық тәжірибе негізінде Epoxy Art технологиясының мүмкіндіктерін таныстыру және оны білім беру үдерісіне енгізу жолдарын көрсету.
👩🏫 Шеберлік сабағына АКТЖ және АЭМК колледждерінің оқытушылары мен білім алушылары қатысып, эпоксидті смоладан 3D наклейка жасаудың толық процесін тәжірибе жүзінде орындады:
🎨 материал дайындау
🎨 пигменттерді үйлестіру
🎨 көлем мен тереңдік эффектісін қалыптастыру
🎨 қауіпсіздік талаптарын сақтау
🎨 дайын өнімді өңдеу
💡 Қатысушылар өз қолдарымен шағын 3D наклейкалар жасап, Epoxy Art технологиясының жарнама, брендтік өнім және сәндік дизайн салаларындағы мүмкіндіктерімен танысты.
🤝 Қорытынды бөлімде пікір алмасу өтіп, аталған бағыттың өзектілігі мен болашағы кеңінен талқыланды.