04.03.2026 жылы өскелең ұрпақтың тарихи танымын кеңейтуге бағытталған Қазақстан тарихы пәні бойынша дәстүрлі ІІ қалалық олимпиада өз мәресіне жетті.
Бұл дода – жай ғана пәндік жарыс емес, жас ұрпақтың өз тамырына үңіліп, мемлекеттілік тарихын терең пайымдауына жол ашатын маңызды интеллектуалдық алаң.
Биылғы олимпиада «Ұлы Дала тарихы» ұстанымымен өтті. Олимпиаданың басты мақсаты – білім алушылардың тарихи деректермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, ұлттық мүдде тұрғысынан талдау жасау қабілетін арттыру және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша қалалық олимпиаданы өткізу қорытындысы негізінде, қазылар алқасының хаттамасына сәйкес І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
І орын: Нурденова Малика – ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE, Салпанов Чингиз – «UIB Көп салалы колледж ЖШС»
ІІ орын: Сламжан Нұрасыл – UIB көпсалалы колледжі» ЖШС, Жазыкбаева Дана – Аль-Фараби атынд. ҚазҰУ колледжі; Сарсенбекова Жансель – Принтмедиа технологиялар колледжі, Ли Андрей – ЖШС «Алматы қаржылық – экономикалық колледжі»; Жолдас Данияр – Алматы электромеханикалық колледжі, Русаков Артур – Орталық Азиялық техникалық – экономикалық колледжі.
ІІІ орын: Әділхан Әли – Алматы көлік және коммуникациялар колледжі, Осмонова Малика – Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі, Садықұлы Жанарыс – ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE, Байжанбаева Томирис «Жоғарғы медициналық колледжі, Асан Таңшолпан- Алматы көлік және коммуникациялар колледжі, Қожанова Жанар – Алматы Логистика және көлік академиясының колледжі.
Мұндай іс-шараларды өткізу азаматтық жауапкершілікті, отансүйгіштікті және Қазақстанның тарихи мұрасын құрметтеуді қалыптастыруға ықпал етеді. Жыл сайынғы тарих олимпиадасы талантты және ынталы жастарды біріктіретін қаланың маңызды дәстүріне айналды.