Баспа машиналарының операторы — заманауи полиграфиялық жабдықтарда жұмыс істейтін және газет, журнал, кітап, жарнамалық өнімдер, қаптама және басқа да баспа өнімдерін басып шығарумен айналысатын маман. Оператордың негізгі міндеті — баспа машинасын дұрыс баптау, басып шығару процесін бақылау және дайын өнімнің сапасын қадағалау.
Баспа машиналары операторының негізгі міндеттері
Оператордың кәсіби міндеттеріне мыналар жатады:
• баспа машинасын жұмысқа дайындау;
• жабдықты баптау және басу параметрлерін реттеу;
• баспа қалыптарын орнату және материалдарды (қағаз, бояуларды) дайындау;
• баспа сапасын бақылау (түсі, анықтығы, дәл келуі);
• жабдықтағы ұсақ ақауларды жою;
• басып шығару технологиялық процесін сақтау;
• жабдықты күтіп ұстау және оның тазалығын қамтамасыз ету.
Баспа машиналары операторының мамандығы полиграфия саласында маңызды орын алады. Осы мамандардың еңбегінің арқасында жарнамада, білім беру саласында, баспа ісінде және қаптама өндірісінде қолданылатын көптеген баспа өнімдері шығарылады.
Оқу мерзімі:
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде күндізгі нысанда жүзеге асырылады
Негізгі жалпы білім беру базасында (9сынып) – 2ж. 10ай. (бюджеттік бөлімше)
Жалпы орта білім беру базасында (11 сынып) – 10 ай. (бюджеттік бөлімше)
Түлектерді жұмысқа орналастыру:
Полиграфиялық кәсіпорындар;
Жарнама агенттіктері;
Баспа кешендері.
Тәжірибе базалары:
"Дәуір" РПИК ЖШС;
"Полиграфкомбинат" ЖШС;
"Easypack pro"ЖШС;
"Реформа" ЖШС;
"Vario Print" ЖШС және қала мен облыстың басқа да полиграфиялық кәсіпорындары.