Принтмедиа технологиялар колледж студенті «Болашақ кітабы» халықаралық жастар жобалары байқауының жүлдегері атанды
2-курс, 5-24 тобының студенті Епифанова Николь ғылыми жетекшісі Сагандыкова М.Н. жетекшілігімен Мәскеу политехникалық университеті мен Ресей кітап одағы ұйымдастырған «Болашақ кітабы» халықаралық жастар жобалары байқауына қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқуды насихаттауға бағытталған жастар бастамаларын қолдау және дамыту, Ресей мен шетелдердің шығармашыл жастарының кәсіби дамуына жағдай жасау, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсету.
Епифанова Николь әзірлеген «Оқы және әрекет ет» жобасы іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, халықаралық байқаудың финалына шыққан 32 үздік жобаның қатарына енді. Жоба «Оқуды қолдау акциясы» бағыты бойынша ұсынылып, сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.
Жобаның өзектілігі Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 16 мамырдағы Жарлығымен бекітілген Оқу мәдениетін дәріптеу тұжырымдамасының негізгі міндеттерімен үндесуімен ерекшеленеді. Жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға және белсенді оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастама халықаралық деңгейде еліміздің білім беру және мәдениет саласындағы басым бағыттарын лайықты түрде таныта білді.
Байқау қорытындысы бойынша «Оқы және әрекет ет» жобасы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды . Бұл жоба авторының шығармашылық ізденісі мен ұсынылған идеяның әлеуметтік маңыздылығының жоғары деңгейде екенін көрсетті.
Жобаға оң пікір білдірген сарапшылар кеңесінің өкілі Денис Александрович Котов – Ресей кітап одағы басқармасының мүшесі, Санкт-Петербург қаласындағы танымал «Буквоед» кітап желісінің негізін қалаушы. Сарапшы өз пікірінде жобаның өзектілігі мен болашағы зор екенін атап өтіп, жоба аясында ұсынылған кітап оқу челленджін жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Епифанова Никольдің халықаралық деңгейдегі бұл жетістігі қазақстандық жастардың оқу мәдениетін дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды ілгерілетуге қосқан үлесінің жарқын көрінісі болып табылады.
Епифанова Никольді және ғылыми жетекшісі Сагандыкова Менгуль Нұрлықанқызын лайықты марапаттарымен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа жобалар мен шығармашылық бастамаларда толағай табыстар тілейміз! 🎉📚🏆



