Принтмедиа технологиялар колледжінде «Буквоед» кітап желісінің негізін қалаушы, Ресей кітап одағы Басқармасының мүшесі және «Ресейдің кітап шамшырақтары»фестивальдік қозғалысының президенті Денис Котовпен кездесу өтті.
Іс-шара Алматы қаласы Білім басқармасының ШЖҚ «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» МКК өкілі Жұмағұлова Гүлхан Әлімханқызының қатысуымен, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың оқырман мәдениетін дамыту және оқитын ұлт қалыптастыру жөніндегі Жарлығын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында студенттер «Кітап пойызы», «Кітап жағажайы» және «Оқы және әрекет ет» жобаларымен танысып, кітап оқу мәдениетін дамыту мен жастардың зияткерлік әлеуетін арттыру мәселелерін талқылады.