Жастар жетістігі: еркін күрестен жүлделі орындар

Жастардың ынта-жігерін шыңдап, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған еркін күрестен ҚР колледж студенттері арасындағы республикалық біріншілік өз мәресіне жетті 💪

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін, ҚР еркін күрес федерациясы бекіткен ереже бойынша өткен бұл жарыста колледжіміздің студенттері жоғары нәтиже көрсетті 🏆

🥉 Мухамжан Ержігіт пен Жунус Нұрдаулет — 3 орын иегерлері

👏 Назролла Ислам мен Ли Расул — алғыс хаттармен марапатталды

Жаттықтырушысы: Алғаев Әбіш

Бұл жетістіктер — табандылық пен еңбектің, сондай-ақ ұстаз бен шәкірттің бірлескен жұмысының нәтижесі! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз