Жас педагог мектебі

2026 жылғы 15 қыркүйекте Принтмедиа технологиялар колледжінде Жас педагог мектебінің алғашқы отырысы өтті.


Директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Сагандыкова М.Н. жас педагогтердің кәсіби бейімделуі, тәлімгерлік және жеке даму траекториясын қалыптастыру мәселелері бойынша баяндама жасады.
Әдіскер Сыдыканова М.А. білім беру және тәрбие жұмысы аясында «Таза Қазақстан», «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» бастамаларын іске асыру мәселесіне арналған баяндамасын ұсынды.


Кездесу жас педагогтер мен тәлімгерлердің кәсіби пікір алмасуына, тәжірибе бөлісуіне және алдағы жұмыс бағыттарын айқындауына мүмкіндік берді.