ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңалықтар мұрағаты

WorldSkills Shanghai 2026 чемпионаты аясындағы Алматы ТжКБ кәсіби диалог алаңы

Принтмедиа технологиялар колледжі үшін Шанхайға сапар әлемдік чемпионаттың ауқымымен танысу мүмкіндігі ғана болған жоқ. Іскерлік бағдарлама кездесулерге, кәсіби пікірталастарға, білім беру және өндірістік бағыттағы алаңдарға баруға, сондай-ақ қытайлық серіктестермен одан әрі ынтымақтастықтың нақты бағыттарын талқылауға толы болды.

25.09.2026

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру сабағы

Сабақтың негізгі мақсаты – ұжым мүшелеріне сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет дамуына кері әсерін түсіндіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау және құқықтық сауаттылықты арттыру.

24.09.2026

Қазақстан мен Қытай: халықаралық ынтымақтастық арқылы кәсіптік білім беруді дамыту

Шанхай қаласында «WorldSkills 2026: Дағдыларға негізделген болашақты қалыптастыру» конференциясы аясында Еуразияның кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі халықаралық семинарда Алматы қаласы делегациясының басшысы Е.М. Абишаев «Болашаққа бағдарланған кәсіптік білім беру: «Би Шэн шеберханасы» тақырыбында баяндама жасады.

24.09.2026

Алматы мен Шанхай: кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

Шанхай баспа ісі және полиграфия колледжінде Алматы қаласы колледждері директорлар корпусы делегациясының Қытай колледжінің басшылығымен және педагогтер ұжымымен салтанатты кездесуі өтті. Кездесу техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, академиялық алмасуды кеңейту және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды бірлесіп даярлау мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.

23.09.2026

Жас педагог мектебі

Директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Сагандыкова М.Н. жас педагогтердің кәсіби бейімделуі, тәлімгерлік және жеке даму траекториясын қалыптастыру мәселелері бойынша баяндама жасады. Әдіскер Сыдыканова М.А. білім беру және тәрбие жұмысы аясында «Таза Қазақстан», «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» бастамаларын іске асыру мәселесіне арналған баяндамасын ұсынды.

15.09.2026

Педагогтердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы халықаралық интенсив: техникалық және кәсіптік білім берудің цифрлық трансформациясы

2026 жылғы 8–11 қыркүйек аралығында КМҚК «Принтмедиа технологиялар колледжі» базасында педагогтердің академиялық ұтқырлығы бағдарламасы аясында «Техникалық және кәсіптік білім берудің цифрлық трансформациясы: жасанды интеллект, AIGC және заманауи білім беру технологиялары» тақырыбында халықаралық интенсив өтеді.

08.09.2026

1 қыркүйек – Білім күні! 🎓

2026–2027 жаңа оқу жылының алғашқы күнінде 7-26 «Техник-технолог» тобының 1-курс білім алушыларына «Менің кәсіби таңдауым және менің болашақ мамандығым» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

01.09.2026

ХАБАРЛАМА

Егер сіз өз ісіңіздің кәсіби маманы болсаңыз және біліміңіз бен тәжірибеңізді болашақ мамандармен бөлісуге дайын болсаңыз — біздің командаға қосылыңыз!

24.08.2026