Жұмыс орындар

Біздің колледжде бос жұмыс орындары ашылды! Бізбен бірге даму үшін біздің командаға қосылыңыз. Толық ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз. enbek.kz

ХАБАРЛАМА

 

Алматы қаласы Білім басқармасының "Принтмедиа технологиялар колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2026-2027 оқу жылына педагогтар құрамының бос/уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды:

  1. «Жалпы білім беру» бағыты бойынша, барлығы  - 1726 сағат

Оның ішінде:

Математика - 1054 сағат (мемлекеттік тілде – 500 сағат, орыс тілінде -554 сағат);

Орыс тілі мен әдебиеті – 672 сағат.

 

  1. «Арнайы пәндер» бойынша, барлығы - 3244 сағат

Оның ішінде:

Графикалық дизайнер бойынша 1350 сағат (барлығы - орыс тілінде),

Маркетолог – 702 сағат (мемлекеттік тілде – 54 сағат, орыс тілінде – 648 сағат)

Фотограф – 1192 сағат (мемлекеттік тілде - 920 сағат, орыс тілінде-272 сағат).

 

  1. Өндірістік оқыту шеберлері бойынша:

«Баспа ісі» мамандығы бойынша -2 бірлік (қазақ тобына-1 бірлік, орыс тобына-1 бірлік)

«Операторлық өнер» мамандығы бойынша -3 бірлік (қазақ тобына-2 бірлік, орыс тобына -1 бірлік)

«Полиграфиялық және орау өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша – 3 бірлік (қазақ тобына – 2 бірлік, орыс тобына -1 бірлік)

«Маркетинг» мамандығы (сала бойынша) бойынша  - 3 бірлік (қазақ тобына – 2 бірлік, орыс тобына – 1 бірлік),

«Менеджмент» мамандығы бойынша – 2 бірлік (қазақ тобына -1 бірлік, орыс тобына – 1 бірлік).

 

  1. Әдіскер – 1 бірлік
  2. Тәрбиеші -2 бірлік
  3. Педагог-психолог -1 бірлік (уақытша бос орын)
  4. Әлеуметтік педагог -1 бірлік
  5. Жастар ісі жөніндегі инспектор – 1 бірлік

 

Педагог лауазымдарының біліктілігіне қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

 

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау мерзімі хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

Конкурсты өткізу мерзімі қосымша тағы жарияланады.

 

 

Қажетті құжаттар тізімі:

 

 1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

 3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

 4) Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 5) Еңбек өтілін растайтын құжат (бар болса);

 6) Денсаулық жағдайы туралы анықтама;

 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

 9) Педагогтың білімін бағалаудан өту туралы сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

 

-  бағалау парағы;

- біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер, атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады;

 

         Конкурсқа қатысушы колледждің қызметкері болып, оның кадрлар бөлімінде құжаттары болған жағдайда (мысалы, жоғары және немесе/жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдарының көшірмесі және т.б.) оларды қайта тапсыру талап етілмейді.

 

         Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушының кәсіби қызметіне қатысты қосымша ақпаратты (мінездеме және басқаларды) сұратуға құқылы.

 

Ескертпе: Қажетті құжаттар тізімінде көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа кері қайтару үшін негіз болып табылады.

Колледжде жұмыс жасамаған талапкерлер үшін - алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (конкурс бойынша өтпеген жағдайда 10 жұмыс күні ішінде) қолына қайта беріледі.

 

Құжаттар электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.

Мекен-жайы: 050009, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 202, кабинет 2/1 (1 этаж -  кадр бөлімі).

Электрондық пошта: apk.5@mail.ru

Телефон: +7(727) 394 40 51, +7(747) 496 00 98,  +7(702) 790 26 96.