2026 жылдың 30 сәуірінде Алматы қаласы бойынша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында жалпы білім беретін пәндер – физика, математика және информатика пәндері бойынша «Интеллектуалдық рубеж: білім шекаралары» атты қалалық олимпиада «Принтмедиа технологиялар колледжі» КМҚК базасында өткізілді.
Аталған олимпиада колледж оқытушылары мен әдіскерлерінің ұйымдастыруымен өткізіліп, физика, математика және информатика салаларындағы дарынды білім алушыларды анықтау, олардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ пәнаралық білімдерін тереңдетіп, практикада тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыруды мақсат етті.
Олимпиадаға Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Жалпы 5 колледжден 21 қатысушы өтінім беріп, командалық форматта бақ сынасты.
Олимпиада үш кезеңнен тұрды.
І кезең – «STEM әлемі» (іріктеу кезеңі), онда қатысушылар «Бір идея – үш ғылым» тақырыбында бейнероликтер дайындады. Бұл кезеңде физика, математика және информатика пәндерінің өзара байланысын көрсету талап етілді. Үздік жұмыстар келесі кезеңдерге жолдама алды.
ІІ кезең – «Зияткерлік сайыс» барысында қатысушылар пәндер бойынша теориялық білімдерін көрсетті.
ІІІ кезең – «STEM практикасы» кезеңінде қатысушылар математикалық, физикалық және информатикалық есептерді орындау арқылы өздерінің практикалық дағдыларын дәлелдеді.
Олимпиаданың қорытынды кезеңі мазмұнды әрі тартысты өтті. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, бәсекелестік жағдайында білімдерін дәлелдей білді.
🏆 Олимпиада жеңімпаздары:
I орын
• «Импульс» командасы – Принтмедиа технологиялар колледжі.
• «Тягачи» командасы – Принтмедиа технологиялар колледжі.
II орын
• «Таным көкжиегі» командасы – №1 Алматы қазақ гуманитарлық педагогикалық колледжі.
• «Avengers» командасы – «Әділет» колледжі.
III орын
• «АКТИМ» командасы – Алматы телекоммуникация және машинажасау колледжі.
Қатысқаны үшін сертификат иегерлері:
• «Алгоритм жұлдыздары» командасы – Алматы технологиялық колледжі.
• «Энергия разума» командасы – Алматы технологиялық колледжі.