Алматыда Ұлттық кітап күні – 23 сәуірге орайластырылған

“Кітап – білім бұлағы” атты  байқау өтті.

2026 жылдың 23 сәуірінде “Принтмедиа технологиялар колледжі” КМҚК техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында республикалық қатысуымен “Кітап – білім бұлағы” атты қалалық байқау өтті.
Іс-шара Қазақстанда екінші жыл атап өтілетін Ұлттық кітап күніне орайластырылды және жастардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ ұлттық әдеби мұраны насихаттауға бағытталған.
Байқауды Қазақстан Республикасының оқу – ағарту министрлігі, Қазақстанның Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы, "Talap" КеАҚ және Алматы қаласы Білім басқармасының “Принтмедиа технологиялар колледжі” КМҚК жанындағы оқу-әдістемелік бірлестік ұйымдастырды.
Конкурстың негізгі мақсаты білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, кітапты білімнің маңызды көзі ретінде насихаттау, сондай-ақ оқуға деген тұрақты қызығушылықты және мәдени құндылықтарға құрметпен қарауды қалыптастыру болды.
Байқау аясында қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті, ой-өрістерін кеңейтті және қазақ әдебиетінің бай мұрасын жаңаша түсінді. Байқау көркем сөзге деген қызығушылықтың дамуына ықпал етті және жастардың шығармашылық белсенділігін ынталандырды.
Оның мерейтойлық күндері 2026 жылы атап өтілетін Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлері — Ыбырай Алтынсаринге, Жамбыл Жабаевқа, Мұқағали Мақатаевқа, Қабдеш Жұмаділовке және Сайын Мұратбековке арнауы іс-шараға ерекше мән берді. 
Байқау жеңімпаздары:
1.    Бас жүлде: Саттар Бекзат Махсатбекұлы – «Алматы энергетика және электрондық технологиялар колледжі» КМҚК (жетекшісі Ушурова Гузель Аркиновна);
2.    1-орын: Әбей Меруерт Ернарқызы – «Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі» КМҚК (жетекшісі Әбдіқұл Назым Батылжанқызы);
3.    2-орын: Серікбаева Аягөз Ерланқызы – «Қазақ-түрік гуманитарлық технологиялық колледжі»  КМҚК (жетекшісі Күйшібаева Динара Балтабаевна);
4. 2-орын: Абдуллахат Раушан – «№1 Алматы Қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі» КМҚК (жетекшісі Оразымбетова Асель Кусаиновна);
5.    3-орын: Әбенова Мариям – «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының колледжі» (жетекшісі Қалкабаева Гульзира Еркебаевна).
Қатысу сертификаттары: 
6.    Каспакбаева Алия – «Алматы экономикалық – құқықтық және педагогикалық колледжі» (жетекшісі Сайдахмет Айбек Тұрғанбекұлы);
7.    Жарлықасым Қарақат Нұрланқызы – «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының колледжі» (жетекшісі Сапарова Ақлима Исмайлқызы);
8.    Манарбек Адия – «№2 Алматы Қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі» КМҚК (жетекшісі Сапарбай Салтанат Қанатқызы);
9.    Тоқаш Аңсар Ералыұлы – «Принтмедиа технологиялар колледжі» КМҚК (жетекшісі Молдаханова Гүлназира Жүнсханқызы);
10.    Нұрламадин Алмагүл Дидарқызы – «Алматы көлік және коммуникация колледжі» КМҚК (жетекшісі Шайкиева Фарида Асановна);
11.     Нұржанұлы Ақжол – «Алматы Менеджмент және құрылыс колледжі» БМ (жетекшісі Қадыр Дария Мұхамедикызы).
Байқау жеңімпаздарына Қазақстанның Ұлттық мемлекеттік кітап палатасынан естелік сыйлықтар – қазақстандық жазушылардың кітаптары табыс етілді. 
Мұндай конкурстарды өткізу оқырман мәдениетін қалыптастыруға, рухани-адамгершілік бағдарларды дамытуға және жастардың шығармашылық әлеуетін қолдауға ықпал етеді.

 

Сілтеме