«Кітаптар мен журналдарға арналған арт-контент жасау» 

2026 жылғы 18 наурызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы колледж студенттері арасында «Кітаптар мен журналдарға арналған арт-контент жасау» тақырыбында кәсіби шеберлік конкурсы аяқталды.
2026 жылғы 17–18 наурыз күндері аталған республикалық конкурс «Принтмедиа технологиялары колледжі» КМҚК жанындағы оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарына сәйкес, «Talap» КЕАҚ, Алматы қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы және Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен өткізілді.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының 6 колледжінен 12 студент пен 10 сарапшы қатысты: «Полиграфия технологиялары колледжі» КМҚК, «ҚазБСҚА колледжі» ЖШС,
«Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжі (ОАТЭК)», «Ақтөбе автожол колледжі» МКҚК, «Жамбыл политехникалық жоғары колледжі» МКҚК, «Қарағанды цифрлық технологиялар және дизайн колледжі» КМҚК.
Кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз! Сіздер жоғары деңгейдегі білім мен практикалық дағдыларыңызды көрсетіп, жүлделі орындарға лайықты ие болдыңыздар. Сіздердің жетістіктеріңіз – табанды еңбектің нәтижесі әрі оқу орындарыңыздың дамуына қосқан маңызды үлес. Алдағы уақытта сіздерге үлкен мүмкіндіктер ашылатынына сенімдіміз және бұл конкурс кәсіби табысқа жету жолындағы маңызды кезең болады деп үміттенеміз.