«Мамандыққа бойлау»

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және «Мамандыққа бойлау» жобасы бойынша Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлесе отырып, Принтмедиа технологиялар колледжі 2025 жылдың 26 қыркүйегінде Ашық есік күнін өткізді.
Ашық есік күнінің басты мақсаты – 9–11 сынып оқушыларын колледждің білім беру бағдарламаларымен, заманауи оқу жағдайларымен таныстыру, сондай-ақ полиграфия және медиа-технологиялар саласының болашақ мансаптық әлеуетін көрсету.
Оқушылар үшін бағдарламада:
- Колледждің заманауи оқу базасы бойынша экскурсия;
- Оқу бағыттарының презентациясы;
- Өндірістік оқыту шеберлері Сайфудинова М.Т., Кыдырбай Н.М., Мустафаева У.М. мектеп оқушыларына «Блокнот жасау және цифрлық баспа машинасында басып шығару» тақырыбында шеберлік сабағын көрсетті.
- Оқуға түсу, оқу барысы және мамандықтың болашағына қатысты сұрақтарға жауап беру.
«Мамандыққа бойлау» жобасы аясындағы Ашық есік күні оқушылар үшін де, сондай-ақ жастардың кәсіби дамуына қызығушылық танытқан педагогтар үшін де пайдалы әрі мазмұнды шара болды.

Бұл күн – оқушылар үшін мамандық таңдауға жол көрсететін маңызды қадам, ал педагогтар үшін – жастардың кәсіби дамуын қолдаудың тиімді алаңы болды.