Қазақстан Республикасында жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында, Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен «Принтмедиа технологиялар колледжі» ҚМҚК базасында педагогтер арасында «Оқыту-білім беру процесінде жасанды интеллект технологияларын енгізу» тақырыбында қалалық бенчмаркинг өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім беру процесінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданудың үздік педагогикалық тәжірибелерін анықтау, тарату және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру.
Бенчмаркингке Алматы қаласының колледждерінен, жалпы орта мектептерінен және қосымша білім беру ұйымдарынан 14 оқытушы қатысты. Іс-шара барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, пікір алмасып, жаңа әдістерді енгізу жолдарын талқылады. Бұл алаң білім сапасын арттыруға және инновациялық тәжірибелерді дамытуға ықпал етті.
Іс-шара Принтмедиа технологиялар колледжінің оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Сыгаева Айнара Назимбековнаның ұйымдастыруымен өтті.