«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсы жобаларын қорғау 30 сәуір күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсы аясында жобаларды қорғау кезеңі өтті.
Конкурстың мақсаты – ТжКБ жүйесі педагогтерінің инновациялық білім беру идеяларын, бастамалары мен жобаларын енгізу қызметін жандандыру, цифрлық білім беру ортасын дамыту және тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату.
Жобаларды қорғау барысында қатысушылар мамандарды кәсіби даярлауды жетілдіруге, білім беру процесінде заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолдануға бағытталған авторлық жұмыстарын ұсынды.
Конкурс қорытындысы бойынша келесі бағыттар бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Цифрлық экономика үшін мамандар даярлаудағы жасанды интеллект» бағыты бойынша:
1 орын — Куралова Сауле Сарсембековна (қоса авторы Рахимбердиева Гаухар Нурахановна), «Жамбыл политехникалық жоғары колледжі» КМҚК (Тараз қ.)
2 орын — Шарипова Жаныл Ибрагимовна, «Басқару Колледжі» ЖШС (Астана қ.)
3 орын — Тоқтасынова Айдана Жамбылқызы, «Колледж КАЗГАСА» ЖШС (Алматы қ.)
«Цифрлық білім беру ортасы: кәсіби даярлауға арналған қолданбалы шешімдер» бағыты бойынша:
1 орын — Сагандыкова Менгуль Нурлыкановна, «Принтмедиа технологиялар колледжі» КМҚК (Алматы қ.)
2 орын — Степченко Ирина Николаевна, «Қостанай қызмет көрсету саласы колледжі» КМҚК (Қостанай қ.)
Аталған конкурс педагогтердің кәсіби деңгейін арттыруға, олардың озық педагогикалық идеялардың тасымалдаушысы ретіндегі мәртебесін нығайтуға, үздік білім беру тәжірибелерінің ашық қорын қалыптастыруға және кәсіби өзара іс-қимыл аясын кеңейтуге ықпал етеді.