02110500-Полиграфиялық және орау өндірісінің технологиясы 
Біліктілігі: 4S02110504-Техник-технолог

Техник-технолог полиграфиялық өндірісте маңызды рөл атқарады. Ол технологиялық процестерді әзірлейді және енгізеді, жабдықтардың жұмысын оңтайландырады және өнімнің белгіленген сапа стандарттарына сәйкес болуын бақылайды. Бұл мамандық техникалық білімді, жабдықпен жұмыс істеу дағдыларын және ұйымдастырушылық қабілеттерді біріктіреді.
Негізгі міндеттері

  • Баспа өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін әзірлеу.
  • Белгілі бір тапсырыстар үшін жабдықтар мен материалдарды таңдау.
  • Операторлар мен монтажшыларға өндірістік тапсырмалар дайындау.
  • Полиграфиялық жабдықтың жұмысын бақылау және технологиялық тәртіптің сақталуын қадағалау.
  • Өндірістің әртүрлі кезеңдерінде дайын өнімнің сапасын тексеру.
  • Жаңа технологияларды енгізу және бар процестерді оңтайландыру.
  • Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету.
  • Монтажшылармен бірге жабдықты іске қосу және баптау жұмыстарында қатысу.

 

Оқу мерзімі:

Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде күндізгі нысанда жүзеге асырылады

Жалпы орта білім беру базасында (11 сынып) - 10 ай (шаруашылық-есеп айырысу бөлімшесі)

Түлектерді жұмысқа орналастыру:

Полиграфиялық кәсіпорындар;
Жарнама агенттіктері;
Баспа кешендері.
Тәжірибе базалары:

"Дәуір" РПИК ЖШС;
"Полиграфкомбинат" ЖШС;
"Easypack pro"ЖШС;
"Реформа" ЖШС;
"Vario Print" ЖШС және қала мен облыстың басқа да полиграфиялық кәсіпорындары;