Түптеу машиналарының операторы – полиграфиялық өндірісте баспа өнімдерін түптеу процесін жүзеге асыратын білікті маман. Ол кітап, журнал, брошюра, дәптер сияқты баспа өнімдерінің беттерін жинақтап, оларды арнайы түптеу машиналары арқылы біріктіру жұмыстарын орындайды.
Негізгі міндеттері
Түптеу машиналарын іске қосу, реттеу, техникалық жағдайын бақылау, өнім сапасын тексеру және өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау жатады. Сонымен қатар ол қағаз блоктарын дайындау, желімдеу, тігу, кесу сияқты технологиялық операциялардың дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді.
Түптеу машиналарының операторы полиграфиялық өнімнің сапалы әрі талапқа сай дайындалуына жауапты және өндіріс процесінің үздіксіз жүргізілуіне ықпал етеді.
Оқу мерзімі:
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде күндізгі нысанда жүзеге асырылады
Негізгі жалпы білім беру базасында (9сынып) – 2ж. 10ай. (бюджеттік бөлімше)
Жалпы орта білім беру базасында (11 сынып) – 10 ай. (бюджеттік бөлімше)
Түлектерді жұмысқа орналастыру:
Полиграфиялық кәсіпорындар;
Баспа кешендері;
Тәжірибе базалары:
"Дәуір" РПИК ЖШС;
"Полиграфкомбинат" ЖШС;
"Easypack pro"ЖШС;
"Реформа" ЖШС;
"Vario Print" ЖШС және қала мен облыстың басқа да полиграфиялық кәсіпорындары.
Дайындық мазмұны:
Оқу мерзімі:
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде күндізгі нысанда жүзеге асырылады
Түлектерді жұмысқа орналастыру:
Тәжірибе базалары: