«Операторлық өнер» мамандығы, «Фотограф» біліктілігі бойынша 9-24 тобының 2 курс студенттері дуалды білім беру жүйесі аясында өндірістік тәжірибеден өтуде.
Тәжірибе барысында білім алушылар жарнамалық фотосурет түсіру дағдыларын меңгеруде. Соның ішінде предметті түсірілім (Coca-Cola, Fanta) арқылы композиция құру, жарықпен жұмыс жасау және өнімнің тартымдылығын көрсету тәсілдерін үйренуде.
Мұндай оқыту форматы студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. 👩🏫 Тәжірибе жетекшісі: өндірістік оқыту шебері Абыйрова А.Н.