Кітаптар мен журналдарға арналған арт-контент жасау

Қазақстан Республикасы колледж студенттері арасында «Кітаптар мен журналдарға арналған арт-контент жасау»тақырыбында кәсіби шеберлік конкурсы!
Бұл байқау жас дизайнерлер мен шығармашыл студенттердің талантын көрсетуге, заманауи арт-контент жасау дағдыларын дамытуға және баспа өнімдерінің жаңа, креативті үлгілерін ұсынуға мүмкіндік берді. ✨

Қатысушылар кітап пен журнал мұқабаларына арналған иллюстрациялар, графикалық дизайн, цифрлық арт және авторлық жобаларын таныстырды. Әр жұмыс – идея, стиль және шығармашылықтың үйлесімі. 🖌️📖
Байқау барысында студенттер өзара тәжірибе алмасып, кәсіби деңгейін арттырып, шығармашылық шабыт алды.
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен ерекше жобалары үшін алғыс айтамыз!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз! 🏆👏