ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңалықтар мұрағаты

Almaty Creativity Step 2026»

Форум аясында әлеуметтік креативті стартаптардың презентациялары байқауы ұйымдастырылып, оның мақсаты – инновациялық идеяларды қолдау және жастардың кәсіпкерлік әлеуетін дамыту болды. Байқауға қатысу авторлық әлеуметтік жобаларды таныстыруға, кәсіби байланыстар орнатуға және оларды одан әрі дамыту бойынша сараптамалық ұсынымдар алуға мүмкіндік берді.

28.04.2026

“Кітап – білім бұлағы” байқауы

“Принтмедиа технологиялар колледжі” КМҚК техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында республикалық қатысуымен “Кітап – білім бұлағы” атты қалалық байқау өтті. Іс-шара Қазақстанда екінші жыл атап өтілетін Ұлттық кітап күніне орайластырылды және жастардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ ұлттық әдеби мұраны насихаттауға бағытталған.

23.04.2026

Жастар жетістігі: еркін күрестен жүлделі орындар

Жастардың ынта-жігерін шыңдап, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған еркін күрестен ҚР колледж студенттері арасындағы республикалық біріншілік өз мәресіне жетті 

06.04.2026

Дуалды оқыту - мамандыққа алғашқы қадам!

«Операторлық өнер» мамандығы, «Фотограф» біліктілігі бойынша 9-24 тобының 2 курс студенттері дуалды білім беру жүйесі аясында өндірістік тәжірибеден өтуде.
Тәжірибе барысында білім алушылар жарнамалық фотосурет түсіру дағдыларын меңгеруде. Соның ішінде предметті түсірілім (Coca-Cola, Fanta) арқылы композиция құру, жарықпен жұмыс жасау және өнімнің тартымдылығын көрсету тәсілдерін үйренуде.

02.04.2026

Республикалық ғылыми-практикалық семинар

Іс-шараға реставрация, кітапхана және архив саласының жетекші мамандары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының өкілдері қатысуда. Семинардың мақсаты – сирек қолжазбалар мен баспа басылымдарын сақтаудың заманауи тәсілдерін талқылау, ғылыми және тәжірибелік тәжірибе алмасу, сондай-ақ білікті кадрлар даярлау мәселелері бойынша шешімдер әзірлеу.

27.03.2026

Алматы қаласында XI WorldSkills Almaty – 2026 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті

Бұл байқауға 470-тен астам колледж студенттері қатысып, 57 құзыреттілік бойынша өз өнерлерін көрсетті. Біздің колледж студенті Владислав Шереметьев графикалық дизайн құзыреттілігі бойынша жақсы өнер көрсетіп, құрметті үшінші орынды иеленді! 🥉

25.03.2026

🏆 Чемпионат JasSkills Almaty 2026 завершился!

Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 9-сынып оқушылары арасында өткен байқауда қатысушылар өз білімдері мен шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.

25.03.2026

«Кітаптар мен журналдарға арналған арт-контент жасау»тақырыбында кәсіби шеберлік конкурсы!

Бұл байқау жас дизайнерлер мен шығармашыл студенттердің талантын көрсетуге, заманауи арт-контент жасау дағдыларын дамытуға және баспа өнімдерінің жаңа, креативті үлгілерін ұсынуға мүмкіндік берді

19.03.2026

Қазақстан тарихы пани бойынша дацтурли II қалалық олимпиада

Биыл олимпиада "Ұлы Дала тарихы"қағидаты бойынша өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты-білім алушылардың тарихи деректермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту

04.03.2026

«Epoxy Art: эпоксидті смола негізінде 3D полиграфиялық наклейка жасау»

Іс-шараның мақсаты – Шанхай қаласында өткен халықаралық тәжірибе негізінде Epoxy Art технологиясының мүмкіндіктерін таныстыру және оны білім беру үдерісіне енгізу жолдарын көрсету.

25.02.2026

Профессиональная ориентация – это путь в будущее!

Ө/о шеберлері Г. Ерназар мен К. Токтарбаева №177 мектеп-гимназиясында оқушыларға кәсіби білім беру бағытында маңызды жұмыстар жүргізді

23.02.2026

«BASYLYM Cycle – біртұтас жүйе» декадасының ашылуы өтті.

Бүгін Колледж принтмедиа технологияларында «BASYLYM Cycle – біртұтас жүйе» декадасының салтанатты ашылуы өтті. Декада аясында республикалық қатысумен «Полиграфия саласындағы жасанды интеллекттің этикасы мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел–семинар өткізілді.

16.02.2026

Принтмедиа технологиясы колледжінің студенттері республикалық кітапхана және баспа ісінің жұмысымен танысты

Принтмедиа технологиялар колледжінен Баспа ісі - Басуға дейінгі процестер операторы; Копирайтер, сондай-ақ Графикалық және мультимедиялық дизайн - Графикалық дизайнер мамандықтары бойынша 1-2 курс білім алушылары Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға арнайы экскурсиямен кел

11.02.2026

«Әлем» оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында Жас сайлаушылар клубы мүшелерінің кездесуі өтті

Іс-шара барысында қатысушылар жастардың азаматтық белсенділігі, сайлау құқығы және жас ұрпақтың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі мәселелерін талқылады.

02.02.2026

Қарасай ауданына қарасты Жармұхамбет ауылындағы №2 орта мектепте 9-сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру іс-шарасы ұйымдастырылды

Іс-шараға 9-сыныптар арасынан 68 оқушы қатысып, баспа және полиграфия саласындағы заманауи мамандықтар туралы толық ақпарат алды. Кездесу барысында оқушыларға принтмедиа технологиялары, дизайн, баспа өнімдерін дайындау, кітап және полиграфиялық бұйымдар жасау бағыттары таныстырылды.

19.01.2026

Vario Print компаниясында тағылымдамадан өту

Бөлімінің меңгерушісі Зәки Шынаргүл және өндірістік оқыту шебері Майтубай Динара Ерланқызы TOO «Варио Принт» баспаханасында тағылымдамадан өтті. Тағылымдаманың мақсаты – баспа саласындағы заманауи технологиялармен танысу

26.12.2025

Шабыттың 12 айы. 2026 күнтізбелері

Студенттер заманауи дизайн тәсілдері мен жеке шығармашылық көзқарасты көрсететін 2026 жылға арналған түпнұсқа күнтізбелерін ұсынды.
Көрмеге 1-24, 3-24, 5-24, 6-24, 7-24, 2-23, 4-23 топ студенттері қатысты.
Көрме студенттердің кәсіби дайындық деңгейін және олардың баспа материалдарымен жұмыс істеу қабілетін біртұтас визуалды жоба ретінде көрсетті.

23.12.2025

Алматы қаласының бірінші курс студенттері арасында ағылшын тілінен қалалық олимпиада өтті

Колледждің ағылшын тілі мұғалімдері мен әдіскерлері ұйымдастырған іс-шара тек талантты студенттерді анықтау және қолдау ғана емес, сонымен қатар олардың тілді тереңдетіп үйренуге деген қызығушылығын айтарлықтай арттыруды мақсат етті. Қатысушылар сыни ойлауды дамыту және ағылшын тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға деген сенімділікті арттыру үшін грамматика мен лексикадан бастап тыңдау мен сөйлеуге дейінгі әртүрлі салаларда бақ сынасты.

22.12.2025

Трансляция

2025 жылғы 19 желтоқсанда педагогтер мен директорлардың орынбасарлары ұсынған оқу-әдістемелік материалдар негізінде педагогикалық тәжірибені тарату бойынша трансляция өтті. Қамту аймағы Алматы қаласының 4 ауданын — Бостандық, Әуезов, Алмалы, Медеу аудандарын және Қазақстан Республикасының 4 қаласын — Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбені қамтыды. Трансляция бағдарламасы, бұйрық және оқу-әдістемелік бірлестіктің (ОӘБ) хаттамасы дайындалып, бекітілді.

19.12.2025

Оқу-әдістемелік материалдар негізінде тәжірибені трансляциялау, педагогтердің педагогикалық тәжірибесін тарату

Педагогикалық тәжірибені трансляциялау тиімді білім беру тәжірибелерін таратуға, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, оқытудың сабақтастығы мен сапасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ зерттеу, әдістемелік және практикалық қызмет нәтижелерін көрсету арқылы аттестация талаптарын орындауға бағытталған. 

26.11.2025

«Операторлық өнер» мамандығы бойынша дөңгелек үстел

 Іс-шараның мақсаты: «Операторлық өнер» мамандығы бойынша кәсіби стандартты әзірлеуге арналған тәсілдерді талқылау, қазіргі заманғы маманға қажетті негізгі құзыреттерді айқындау және жұмыс берушілер, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеу. 

22.10.2025

Қалалық «Оқырмандар тергеу жүргізеді» атты детективтік-әдеби квест өтті

Квест Алматы қаласының колледж студенттерін біріктіріп, оларға әдебиет саласындағы білімдерін, тапқырлықтарын және командалық рухтарын көрсетуге мүмкіндік берді. Ойын барысында қатысушылар тергеу, жұмбақтар мен шығармашылық сынақтар әлеміне еніп, белгілі әдеби кейіпкерлерге байланысты «құпия қылмысты» ашуға тырысты.

23.10.2025

«Ән-ғұмыр» атты АРТ-студия: элегия кешін өтті

«Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» №4 кітапхана-бөлімшесі Принтмедиа технологиялар колледжінде қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Қазақ КСР халық әртісі , КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы, көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жылдығына арналған «Ән-ғұмыр» атты АРТ-студия: элегия кешін өткізді.

09.10.2025

 “Заң мен тәртіп” жобасы

Алмалы ауданы Ювеналды полиция басқармасымен бірлескен жоспар бойынша  полиция капитаны Тұратай Ә. Б. 1 курс студенттерімен профилактикалық кездесу өтті. Студенттер үшін бұл кездесу – құқықтық сауаттылықты арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсінуге тамаша мүмкіндік болды. Капитан нақты мысалдар келтіре отырып, жастарға пайдалы кеңестер мен маңызды ақпараттар ұсынды.

07.10.2025

Мектепте «Баспа ісі» бейіндік сынып ашылды

2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы қаласындағы №58 жалпы білім беретін мектеп пен Принтмедиа технологиялар колледжі арасындағы өзара ынтымақтастық нәтижесінде жаңа бейіндік сынып жұмысын бастады. Бұл бастама мектеп оқушыларына болашақ кәсіби бағыттарын ерте анықтауға және нақты мамандық бойынша білім алуға мүмкіндік береді.

06.10.2025

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында – жұмыс беруші серіктестерімізбен 1 күн! 

Бүгінгі күн кәсіби тәжірибе мен ынтымақтастыққа толы болды!
Жұмысшы мамандықтардың маңызын бірге ұғындық, өндірістік ортада шынайы тәжірибемен таныстық.

02.10.2025

«Алғыс лентасы» атты Елдік челлендж

Осы кезеңде біз техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің дамуына үлес қосып жүрген барлық педагог қызметкерлер мен мамандарды құттықтап, шынайы алғысымызды білдіреміз

02.10.2025

Қарттар күні

Принтмедиа технологиялар колледжінің 8-25 тобының білім алушылары колледждің бұрынғы директоры, ардагер ұстазымыз, профессор, полиграфиялық кітаптардың авторы Базилов Жұмаділдә Жұпарбайұлын арнайы құттықтап барды.

01.10.2025

«Отбасылық басқосу» Workshop өтті.

Іс-шараның мақсаты ата-аналар мен балалар арасында сенімге, бірлескен шығармашылыққа және жағымды қарым-қатынасқа негізделген орта қалыптастыру, сондай-ақ отбасылық фотоальбом жасауға бағытталған бірлескен жобалық жұмысқа қатыстыру.

30.09.2025

«Мамандыққа бойлау» жобасы атты ашық есік күні

Ашық есік күнінің басты мақсаты – 9–11 сынып оқушыларын колледждің білім беру бағдарламаларымен, заманауи оқу жағдайларымен таныстыру, сондай-ақ полиграфия және медиа-технологиялар саласының болашақ мансаптық әлеуетін көрсету.

26.09.2025

 «Оқыту-білім беру процесінде жасанды интеллект технологияларын енгізу» тақырыбында қалалық бенчмаркинг өтті.

Іс-шараның мақсаты – білім беру процесінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданудың үздік педагогикалық тәжірибелерін анықтау, тарату және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру.

26.09.2025

«Қытай Халық Республикасынан Шаньдун индустриалды политехникалық институты»

Бұл оқиға екі білім беру мекемесі арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен достық байланыстарды нығайтудың маңызды кезеңі болды.
Кездесуді ұйымдастыруда Қазақстандағы білім беру саласын дамыту бойынша перспективалық бахыттарды қамтамасыз этиді миссиясы етіп алған «SANA» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы маңызды рөл атқарды.

23.09.2025

«JasSkills Kazakhstan – 2025»

Бүгін біздің колледжде “Графикалық дизайн” құзыреттілігі бойынша JasSkills Kazakhstan 2025 республикалық чемпионаты бастау алды! 🇰🇿✨

19.09.2025

«ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ПЕДАГОГІ: ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ДИЗАЙН, МЕДИА ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ»

Іс-шараның мақсаты – ТжКБ-ны интернационалдандыруды, цифрлық және креативті құзыреттерді дамыту, сондай-ақ уақыт талабына сай заманауи білім беру тәжірибесін интеграциялау. Интенсивтің өзектілігі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жыл 8 қыркүйектегі Жолдауында ерекше атап өтілді

15.09.2025

ХАБАРЛАМА

Алматы қаласы Білім басқармасының "Принтмедиа технологиялар колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 2025-2026 оқу жылына педагогтар құрамының бос/уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды:

21.08.2025