2026 жылғы 26–27 наурыз күндері Алматы қаласында Қазақстанның жазба мұрасын сақтау, консервациялау және қалпына келтіру мәселелеріне арналған республикалық ғылыми-практикалық семинар өтуде.
Іс-шараға реставрация, кітапхана және архив саласының жетекші мамандары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының өкілдері қатысуда. Семинардың мақсаты – сирек қолжазбалар мен баспа басылымдарын сақтаудың заманауи тәсілдерін талқылау, ғылыми және тәжірибелік тәжірибе алмасу, сондай-ақ білікті кадрлар даярлау мәселелері бойынша шешімдер әзірлеу.
Пленарлық отырыс барысында РМК «Ғылым Ордасы» бас директоры Улар Мұқажанов құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ қатысушыларды Принтмедиа технологиялар колледжінің директоры Гүлзада Абдуллаева, Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапхана меңгерушісі Ұлбосын Айымбетова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының директоры Жадыра Арекенова және «Остров Крым» реставрациялық зертханасының басшысы Қырым Алтынбеков (бейнеқұттықтау) құттықтады.
Принтмедиа технологиялар колледжі, «Ғылым Ордасы» және ҚР Кітап палатасы арасындағы ынтымақтастық оң нәтижелер көрсетуде. Серіктестік аясында студенттер мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған тағылымдамалар ұйымдастырылып, оқу бағдарламасына кітаптарды реставрациялау және жөндеу модулі енгізілді. Бұл білім алушылардың кәсіби және кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Осы жұмыстың нәтижесінде «MURA» жобасы жүзеге асырылып, қалалық және республикалық деңгейде жоғары бағаға ие болды.