
Cеминар Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «Принтмедиа технологиялар колледжі» КМҚК жанындағы Оқу-әдістемелік бірлестіктің (ОӘБ) жұмыс жоспары аясында өткізіледі және Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «Принтмедиа технологиялар колледжі» КМҚК базасында «Полиграфия және баспа ісі» бейіні бойынша ОӘБ-нің ресми алаңы мәртебесіне ие (Колледж базасында).
Мақсатты аудитория: Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «Принтмедиа технологиялар колледжі» КМҚК жанындағы Оқу-әдістемелік бірлестікке (ОӘБ) кіретін бейіндік колледждердің техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қызмет көрсету саласы колледжі» КМҚК, Қызылорда облысы білім басқармасының «Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» КМҚК, Ақтөбе облысы білім басқармасының «Ақтөбе автомобиль-жол колледжі» КМҚК, Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды цифрлық технологиялар және дизайн колледжі» КМҚК және Қазақстан Республикасының басқа да колледждері.
Семинар аясында Қазақстан Республикасының үш колледжі — Қостанай қызмет көрсету саласы колледжі, Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі және Принтмедиа технологиялар колледжі арасында инновациялық алаң ашылып, өзара тиімді ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.