Қазақстанның 44 колледжінен 207 студент қаржылық сауаттылық бойынша республикалық конкурсқа қатысты
Алматы, 2026 жылғы 11 қараша. «Қаржылық сауаттылық – табысқа бастар жол» атты III Республикалық конкурс өз мәресіне жетті. Байқауға Қазақстанның 44 колледжінен 207 студент қатысты. Командаларды дайындау жұмыстарына 76 педагог-жетекші жетекшілік етті.
Конкурс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде командалар шығармашылық бейнероликтерін ұсынды. Екінші кезеңде «Қаржылық эрудит» бөлімінде қатысушылар тест сұрақтарына жауап берді. Ал қорытынды кезең – «Қаржылық навигатор» практикалық тапсырманы орындауға арналды. Екінші және үшінші кезеңдер 10 қарашада онлайн форматта өткізілді.
Конкурс студенттерге қаржылық білімдерін тексеруге және оларды практикалық тапсырмаларды шешу барысында қолдануға мүмкіндік берді.
Конкурсты ұйымдастырушылар: «Talap» КЕАҚ және Принтмедиа технологиялар колледжі базасындағы оқу-әдістемелік бірлестік.

