«Әлем» оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы

Біздің колледжден бітіруші топтардың 15 білім алушысы және өндірістік оқыту шеберлері Кулбекова А.С. мен Габдуллин М.М. қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар жастардың азаматтық белсенділігі, сайлау құқығы және жас ұрпақтың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі мәселелерін талқылады. Ашық диалог форматында өткен кездесу білім алушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға, пікірлерін білдіруге және сайлауға саналы түрде қатысудың маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға және жастардың әлеуметтік маңызы бар үдерістерге қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Колледж білім алушыларының аталған іс-шараға қатысуы олардың құқықтық сауаттылығы мен азаматтық белсенділігінің артуына септігін тигізеді. Мазмұнды диалог пен нәтижелі жұмыс үшін ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдіреміз!