«BASYLYM Cycle – біртұтас жүйе» декадасының ашылуы өтті.
Бүгін Колледж принтмедиа технологияларында «BASYLYM Cycle – біртұтас жүйе» декадасының салтанатты ашылуы өтті. Декада аясында республикалық қатысумен «Полиграфия саласындағы жасанды интеллекттің этикасы мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел–семинар өткізілді. Іс-шараға Қазақстан жоғары оқу орындарының өкілдері, колледж оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, сала мамандары және Ұлттық кітапхана өкілдері қатысты. Колледж директоры Абудуллаева Гульзада Абдуаетовна құттықтау сөз сөйлеп, декада жыл сайын студенттер мен педагогтердің кәсіби шеберлігін айқын көрсететін маңызды алаңға айналғанын атап өтті. Дөңгелек үстел барысында 13 баяндама жасалып, жасанды интеллектті полиграфия саласына енгізу тәжірибесі талқыланды. Кейбір спикерлер халықаралық тағылымдама нәтижелерімен бөлісті. Қатысушылар жасанды интеллектті дұрыс әрі жауапкершілікпен қолданудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Іс-шара соңында 10 студентке жұмысқа орналасу жөніндегі алтын сертификаттар табысталды. Бұл колледж түлектерінің еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетті. «BASYLYM Cycle – біртұтас жүйе» декадасы заманауи технологиялар мен сапалы білім беруді ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.