JasSkills

🏆 JasSkills Almaty 2026 чемпионаты өз мәресіне жетті!
Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 9-сынып оқушылары арасында өткен байқауда қатысушылар өз білімдері мен шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. 👏
Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды:
🥇 I орын — Әділ Асылбек Айдынұлы (№179 ЖББМ)
🥈 II орын — Калиниченко Илья (№135 ЖББМ),
Тілеуберді Кәусар (№204 ЖББМ),
Самигулина Нэлли Андреевна ( №31 ЖББМ)
🥉 III орын — Айдар Арнұр Айдосұлы (№158 ЖББМ),
Несіпбай Ерасыл Махмұдұлы (Ш. Смаханұлы атындағы №62 гимназия)
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 🎉
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!

2026 жылғы 25 наурызда Принтмедиа технологиялар колледжі базасында «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша Jas Skills чемпионаты басталар алдында қатысушыларға арналған міндетті брифинг өтті.

Мектеп оқушыларына байқау тапсырмасы, бағалау критерийлері және жұмыс регламенті түсіндірілді. Сондай-ақ қатысушылар жұмыс орындарымен танысып, жабдықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді тексеріп, тапсырмаларды орындауға қажетті барлық құралдарды дайындады.

Брифинг қатысушылардың жұмысқа дұрыс бейімделуіне, техникалық мәселелерді алдын ала шешуге және барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауға мүмкіндік берді.