Жұмысшы мамандықтар жылы аясында біз өз ісін сүйіспеншілікпен және табандылықпен өмірлік кәсібіне айналдырған, әрі оны болашаққа аманаттап жеткізетін адамдар жайында әңгімелейміз. Солардың бірі – жаңа сұхбатымыздың кейіпкері, «One&One» отбасылық баспаханасының негізін қалаушы Чистякова Татьяна Владимировна. Ол тұтас еңбек әулетінің іргесін қалаған әйел.
Оның бастамасымен ашылған баспахана тек тұрақты кәсіпорын ғана емес, сонымен қатар – туыстары, шәкірттері мен жас мамандар үшін нағыз кәсіби мектепке айналды. Цифрлық өзгерістер мен жаңа сын-қатерлер жағдайында ол бизнесті бастапқыдан-ақ сіңірілген шеберлік, қол еңбегі және жауапкершілік құндылықтарын сақтап қала алды.
Сұхбат барысында ол отбасылық баспахана идеясының қалай туғанын және барлығы неден басталғанын, өндірісте әйел болудың, еңбек әулетін басқарудың қандай екенін, сондай-ақ баспахананы жай ғана бизнес емес, тұтас ұжым үшін ортақ үйге айналдыратын не екенін айтып береді.