Принтмедиа технологиялар колледжі директоры

техника ғылымдарының кандидаты

Ахметов Билалдин Алякбарович

Принтмедиа технологиялар колледжі директоры

техника ғылымдарының кандидаты

Ахметов Билалдин Алякбарович

Заголовок 1

“Prof-Marathon – 2025”

Алматыда “Prof-Marathon – 2025” аясында үздік колледж түлектері жұмысқа орналасты
Алматы, 25 маусым 2025 ж. — Бүгін Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Жұмысшы мамандықтар жылына орай өткізілген “Prof-Marathon – 2025” жобасының қорытынды іс-шарасы Принтмедиа технологиялар колледжінде өтті. Аталған марафон аясында өңірдегі жетекші кәсіпорындар мен колледждер тығыз ынтымақтастық орнатып, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті түлектерді жұмысқа орналастыруға мүмкіндік жасалды.
Іс-шара барысында 21 үздік колледж түлегі аймақтың алдыңғы қатарлы кәсіпорындарына тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы арнайы сертификаттармен марапатталды. Сертификаттарды жұмыс берушілердің өздері салтанатты түрде табыстады.
Бұл бастама техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен өндіріс орындарының өзара әріптестігін нығайтуға, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.
Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері бұл марафонның маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да осындай жобалар жалғасын табатынын жеткізді. Жұмыс беруші кәсіпорындар түлектердің кәсіби дайындығына жоғары баға беріп, олардың өндірістік ортаға тез бейімделетінін айтты.
“Prof-Marathon – 2025” жобасы – еңбек нарығының талаптарына сай мамандар даярлаудағы маңызды қадамдардың бірі ретінде бағаланды.