Принтмедиа технологиялар колледжі директоры

техника ғылымдарының кандидаты

Ахметов Билалдин Алякбарович

Принтмедиа технологиялар колледжі директоры

техника ғылымдарының кандидаты

Ахметов Билалдин Алякбарович

Заголовок 1

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2025

Жобамыздың шынайы кейіпкерлері!

Бұл күлімдеулердің артында ұйқысыз түндер, еңбек, шабыт пен маңызды дүниені сақтап қалу ниеті жатыр.

Бұл адамдар — жай ғана команда емес.

Бұл — бір идея, бір мақсат, бір іс.

Бүгін біз Астанадағы Enactus сахнасында!

Міне, біз сахнадамыз! Enactus Kazakhstan 2025 байқауында өз жобамызды таныстырып жатырмыз. Қолдау көрсетіңіздер!

1 күн — ұмытылмас әсерлер! Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайы Жастар, инновациялар мен кәсіпкерліктің үлкен мерекесі! Болашақты бірге құрамыз!

Өз жобамызды түсіндіріп, ескі кітапқа жаңа өмір беруді көрсетіп жатырмыз. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Көшербаев Ермек Беделбайұлы, ENACTUS KAZAKHSTAN президенті, CEO Ержанова Альбина Меирбекқызы, «Атамекен» ҰКП Президиум төрағасы Баталов Райымбек Анварұлы және ҚР мәжілісінің депутаттары арнайы келіп, жобамызға сәттілік тілеп, қолдау білдірді. Осы мүмкіндікті сыйлағандарыңызға және жылы лебіздеріңізге үлкен рақмет!

 Enactus National Expo 2025 байқауының жартылай финалында өз қатысуын аяқтады.
Біз үшін бұл — құнды тәжірибе, жаңа таныстықтар және өз жобамызды үлкен алаңда таныстыру мүмкіндігі болды.Командаға және әрдайым қолдау білдірген жандарға алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, осындай ауқымды байқауға қатысуымызға мүмкіндік жасап, сенім білдіргені үшін колледж басшылығына ерекше алғысымызды айтамыз.Бұл — соңғы нүкте емес. Біз қорытынды жасап, жобамызды күшейтіп, келесіде мықты болып ораламыз. Осындай мүмкіндік берген Enactus ұйымына рақмет! Ал біз жаңа биіктерге қарай қадам басамыз!