Республикалық кітапханамен танысу

Принтмедиа технологиялар колледжінен Баспа ісі - Басуға дейінгі процестер операторы; Копирайтер, сондай-ақ Графикалық және мультимедиялық дизайн - Графикалық дизайнер мамандықтары бойынша 1-2 курс білім алушылары Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға арнайы экскурсиямен келді. Жалпы келген білім алушылар саны – 68. Экскурсия барысында студенттер кітапхананың негізгі қызмет бағыттарымен танысты. Ерекше қызығушылық тудырған бөлім – брайль қарпінде кітап шығару процесі болды. Болашақ баспа және дизайн мамандары брайль кітаптарының дайындалу кезеңдерін, теру, беттеу және басып шығару ерекшеліктерін көзбен көріп, мамандардың жұмысымен жақын танысты.