Пән оқытушысы: Шайхиева М.Ж.
Топ: 17-24 баспа ісі мамандығы 2024 жылдың 29 қазанында біздің экономика сабағымызда маңызды тақырып - сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін әсері қарастырылды. Оқушылар сыбайлас жемқорлықтың экономикалық тұрақсыздыққа, әлеуметтік теңсіздікке және саяси тұрақтылыққа қалай әсер ететінін талқылады.
🗣️ Қызықты пікірталастар, ұтымды мысалдар және терең талдау арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салды. Олар сыбайлас жемқорлықты жеңу жолдарын талқылап, қоғамымызды жақсартуға бағытталған идеяларымен бөлісті.
🔹 Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ үшін!
🔹 Экономикалық сауаттылық - табысты қоғамның негізі!