2024 жылдың 15 қарашасында арнайы пән оқытушысы Аймұқан Айнұр 10-23 тобының білім алушыларымен «Негізгі және қосымша баспа материалдарын анықтау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
⚜️ Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға полиграфияда қолданылатын негізгі және қосымша баспа материалдарымен таныстыру, олардың қолданылу аймағын, ерекшеліктерін түсіндіру және дұрыс таңдау дағдыларын қалыптастыру.
⚜️Сабақ жоғары деңгейде өтілді. Білім алушылар толық қамтылып, белсенді түрде қатысып отырды. Жаңа сабақ слайд арқылы түсіндіріліп, тақырыпқа қатысты видеомен толықты. Айтылым, тыңдалым және оқылым дағдылары қамтылды.