Операторлық өнер саласындағы кадрларды даярлауды жетілдіру, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіру және мәдениет пен креативті индустриялар саласындағы кәсіби стандарттарды өзектендіру мақсатында 2025 жылғы 22 қазанда «Операторлық өнер» мамандығы бойынша кәсіби стандарт: мемлекет, білім және өндіріс серіктестігі арқылы қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара гибридті форматта өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар – «Принтмедиа технологиялар колледжі» КМҚК жанындағы оқу-әдістемелік бірлестік (ОӘБ) (ОӘБ төрағасының орынбасары – Сағандықова М.Н.). Іс-шараның мақсаты: «Операторлық өнер» мамандығы бойынша кәсіби стандартты әзірлеуге арналған тәсілдерді талқылау, қазіргі заманғы маманға қажетті негізгі құзыреттерді айқындау және жұмыс берушілер, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеу. Дөңгелек үстел жұмысына салалық министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, кино, теледидар, медиа және креативті индустриялар саласындағы жұмыс берушілер, операторлық өнер бойынша бағдарламаларды жүзеге асыратын ЖОО мен колледждердің өкілдері, кәсіби стандарттар мен білім беру саласындағы сарапшылар, кәсіби одақтар мен шығармашылық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.