Педагогикалық тәжірибені трансляциялау тиімді білім беру тәжірибелерін таратуға, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, оқытудың сабақтастығы мен сапасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ зерттеу, әдістемелік және практикалық қызмет нәтижелерін көрсету арқылы аттестация талаптарын орындауға бағытталған. 1-секцияда «педагог-зерттеуші» санатын беру/растау үшін аттестациядан өтетін барлық педагогтердің қалалық/облыстық Эксперттік кеңестің куәліктері/хаттамалары бар, сондай-ақ материалдарды трансляциялауға арналған презентациялары дайындалған.
Педагог-зерттеушілерді қамту Алматы қаласының 3 ауданын құрайды:
– Бостандық ауданы (Алматы «Престиж» колледжі),
– Медеу ауданы (Алматы теміржол көлігі колледжі, «Орталық Азия техника-экономикалық колледжі» білім беру мекемесі),
– Алмалы ауданы (КМҚК «Принтмедиа технологиялар колледжі»).
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген педагогтарды аттестаттау өткізу қағидаларына қосымша 13-тің 4.2-тармағына сәйкес, 2-секцияда (1-санаттағы басшының орынбасары лауазымы үшін) республикалық/халықаралық деңгей талап етіледі. Осы секцияда директор орынбасарлары – М.С. Қойшина (КМҚК «Қостанай қызмет көрсету саласы колледжі») және М.Н. Сагандыкова (КМҚК «Принтмедиа технологиялар колледжі», Алматы қ. ББ) тәжірибе трансляциясын жүргізді.
Сілтеме: Ашу