Принтмедиа технологиялар колледжі директоры

техника ғылымдарының кандидаты

Ахметов Билалдин Алякбарович

Принтмедиа технологиялар колледжі директоры

техника ғылымдарының кандидаты

Ахметов Билалдин Алякбарович

Заголовок 1

ХАБАРЛАМА

Алматы қаласы Білім басқармасының "Принтмедиа технологиялар колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 2025-2026 оқу жылына педагогтар құрамының бос/уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды:
«Жалпы білім беру» бағыты бойынша, барлығы  - 3366 сағат.
Оның ішінде:
Орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша - 806 сағат;
Математика -1792 сағат (мемлекеттік тілде -1238 сағат, орыс тілінде- 554 сағат);
Дене тәрбиесі – 768 сағат (барлығы-орыс тілінде).

«Арнайы пәндер» бойынша, барлығы - 2634 сағат 
Оның ішінде:
Графикалық дизайнер пәні бойынша – 1574 сағат (барлығы - орыс тілінде)
Фотограф – 1060 сағат (мемлекеттік тілде -560 сағат, орыс тілінде-500 сағат.


Педагог лауазымдарының біліктілігіне қойылатын талаптар:
      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау мерзімі хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Конкурсты өткізу мерзімі қосымша тағы жарияланады.
 

Қажетті құжаттар тізімі:
- Басшының атына өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
- педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 
- еңбек кітапшасының расталған көшірмесі (немесе еңбек өтілін растайтын басқа құжат);
- денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Педагогтың білімін бағалаудан өту туралы сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
- Бағалау парағы (колледж пәндік циклында толтырылады);
- біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер, атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады;

    Конкурсқа қатысушы колледждің қызметкері болып, оның кадрлар бөлімінде құжаттары болған жағдайда (мысалы, жоғары және немесе/жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдарының көшірмесі және т.б.) оларды қайта тапсыру талап етілмейді.

    Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушының кәсіби қызметіне қатысты қосымша ақпаратты (мінездеме және басқаларды) сұратуға құқылы.

Ескертпе: Қажетті құжаттар тізімінде көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа кері қайтару үшін негіз болып табылады.
Колледжде жұмыс жасамаған талапкерлер үшін - алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (конкурс бойынша өтпеген жағдайда 10 жұмыс күні ішінде) қолына қайта беріледі.

Құжаттарды мына электрондық мекен-жайға жіберу керек: 
kpt-college@almatybilim.kz   мекен-жайы: 050009, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 202, каб.305.
Толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласуға болады: +7(747) 496 00 98,  +7(702) 790 26 96,  +7(727) 394 40 51.