2025 жылғы 23 қыркүйекте Принтмедиа технологиялар колледжінде ТжКБ интернационалдандыру аясында маңызды кездесу өтті – Қытай Халық Республикасынан Шаньдун индустриалды политехникалық институтының делегациясы ресми сапармен келді. Бұл оқиға екі білім беру мекемесі арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен достық байланыстарды нығайтудың маңызды кезеңі болды.
Кездесуді ұйымдастыруда Қазақстандағы білім беру саласын дамыту бойынша перспективалық бағыттарды қамтамасыз етуді миссиясы етіп алған «SANA» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы маңызды рөл атқарды.
Сапардың мақсаты – кәсіби әріптестік орнату, тәжірибе алмасу және білім беру мен мәдени жобалар аясындағы бірлескен жұмыстың келешегін талқылау. Кездесу барысында студенттер мен оқытушыларға арналған академиялық алмасу бағдарламаларын іске асыру мүмкіндіктері қарастырылып, ықтимал ортақ бастамалар бағыттары талқыланды.
Тараптар Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, колледж бен Шаньдун индустриалды политехникалық институты арасындағы өзара байланыстарды нығайту – бірлескен білім беру жобаларын табысты жүзеге асыруға, мамандар даярлау сапасын арттыруға және мәдени ынтымақтастықты кеңейтуге берік негіз болатынын сенім білдірді