Профориентация для 9 класса

Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Жармұхамбет ауылындағы №2 орта мектепте 9-сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған шара Принтмедиа технология колледжінің өкілдері тарапынан өткізілді. Іс-шараға 9-сыныптар арасынан 68 оқушы қатысып, баспа және полиграфия саласындағы заманауи мамандықтар туралы толық ақпарат алды. Кездесу барысында оқушыларға принтмедиа технологиялары, дизайн, баспа өнімдерін дайындау, кітап және полиграфиялық бұйымдар жасау бағыттары таныстырылды.