Принтмедиа технологиялар колледжі директоры

техника ғылымдарының кандидаты

Ахметов Билалдин Алякбарович

Принтмедиа технологиялар колледжі директоры

техника ғылымдарының кандидаты

Ахметов Билалдин Алякбарович

Заголовок 1

«Кәсіби білім беру сапасын арттыру мақсатында

жасанды интеллект құралдарын пайдалану» 

30 сәуір күні Притмедиа технологиялар колледжінің базасында колледж оқытушылары арасында «Кәсіби білім беру сапасын арттыру мақсатында жасанды интеллект құралдарын пайдалану» тақырыбында қалалық конференция өтті.

 

Конференцияны ұйымдастырушы — Принтмедиа технологиялар колледжі жанындағы Оқу-әдістемелік бірлестік, конференцияға Алматы қаласының колледж оқытушылары мен әдіскерлері, ОӘБ-ға қарасты бейінді колледждердің оқытушылары, Ресей Федерациясы колледждерінің басшылары, сондай-ақ білім беру үдерісін цифрландырумен айналысатын оқу орындарының өкілдері қатысты.


Конференция кәсіби білім беру саласына жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу бойынша білім және тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналды. Іс-шара педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыруға, ЖИ құралдарын пайдалану бойынша құзыреттіліктерін дамытуға және заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізу стратегияларын қалыптастыруға бағытталды.